20 мау, 2022 сағат 19:20

Шымкентте жүк көлігі тепловозбен соқтығысты


Шымкентте жүк көлігі тепловозбен соқтығысты. Апат салдарынан Volvo жүк көлігі жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржолдағы апат бүгін күндіз 15:30-да «Тоғыс- Леңгір» теміржолының 17-ші шақырымында болған. Жиырма вагон тиелген тепловоз тоқтап қалған. Бірақ екі жүргізуші де аман. Куәгерлер бұл жағдайды ұялы телефондарынап түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. Қазір бұл дерек бойынша қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері тексеру шараларын бастап кетті. 

Жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Жыланбұзған ауылының тұрғыны екені анықталды.

Шымкент қалалық Патрульді полиция полкының қызметкерлері тарапынан жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабымен «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы» әкімшілік іс қозғалды.