22 жел, 2022 сағат 15:38

СІМ өкілі Toyota көлігі өндірісін ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Фото: Global Look Press/Yoshio Tsunoda

Сыртқы істер министрлігі Toyota, Kia, Hyundai және JAC көліктері өндірісін ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Toyota бір кездері Қазақстанда автокөлік шығаруға тырысты, бірақ нарық бұл көліктерді шығару құнын қабылдамады. Қазір, әсіресе, Қазақстанда басқа да автокөлік маркалары – Kia, Hyundai дамып келе жатқанын ескерсек, Қытайдың автоөнеркәсібі өте белсенді, Toyota Қазақстанда бәсекеге қабілетті бола алмайды деп ойлаймын", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанда Toyota көлігін шығару құны басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

"Бұл біздің нарық үшін бәсекеге төтеп бере алмайды. (...) Олардың Ресейде де осындай зауыттары болған және осы уақытқа дейін Toyota-ның барлық жеткізілімдері ресейлік автоөнеркәсіптерден жасалған. Toyota Ресейдегі өндірісін әлі толығымен тоқтатқан жоқ, қоймаларда бар, сондықтан жеткізілім сол жақтан келеді", - деді Айдаров.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Toyota компаниясымен Қазақстанда өндіріс туралы келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп есептейді.

"Қазір Kia, Hyundai, JAC және басқаларымен жақсы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізде нарыққа жеткілікті көлем бар. Брендтің келуі біз үшін әрқашан басымдылық емес немесе біз үшін тиімді", - деп түйіндеді ол.