05 қыр, 2019 сағат 20:50

СҚО биыл қоныс аударған 770 отбасыны қарсы алады

Солтүстік Қазақстан облысы биыл өзге өңірлерден келген 769 отбасыны қарсы алуды жоспарлап отыр, олардың жартысынан астамы қоныстанып үлгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қазірдің өзінде өңірге 1459, яғни 471 адам қоныс аударды. Оларға  мемлекетпен қарастырылған тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

«Біз қоныс аударушыларға арнап баспана тұрғызып жатырмыз. Солтүстік Қазақстан облысы көшіп келушілерге баспана салып беруден және оларға арнап үй сатып алудан пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Биыл осы мақсатта 400 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілмекші», - деді Құмар Ақсақалов.

Алдағы үш жылда еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан қоныс аударушыларға облыста 2 мыңнан астам баспана салынады деп жоспарланған.

Мамандардың есебінше, Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Өзге өңірден теріскейге қоныс аударғандарды 224 елді мекен қабылдай алады.