19 ақп, 2021 сағат 10:40

СҚО-да боран салдарынан 400-ден астам үй жарықсыз қалды

 

Солтүстік Қазақстан облысында қатты боранның салдарынан екі ауданда электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, қалың жауған қар мен екпіні секундына 15-28 метрге дейін жеткен желдің салдарынан Ақжар ауданында 128 үй жарықсыз қалды. Электр желісіндегі апаттың салдарын бірден жою мүмкін болмаған. 

«Тайынша ауданында да қатты боранның салдарынан 300 шақты үй электр қуатынсыз қалды. Боран тек таңғы жақын ғана басылып, жағдай тұрақталды. Қазір электр желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді Рамиль Камалов. 

СҚО-да «ойран» салған циклон Ресей аумағына қарай ойысты. Бас құтқарушының айтуынша, енді боранның арты аязға ұласпақ. Арқаны кеңге салуға ерте, болжам бойынша алдағы күндері әлі де боран болуы ықтимал.