21 сәу, 2025 сағат 19:28

«Сохраним парк для карагандинцев» тұрғындарды акцияға алдап шақырып отыр ма?


Фото: krgpark парақшасынан скрин

«Сохраним парк для карагандинцев» инстаграм парақшасында тұрғындарды «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойғаннан кейін, «Өлмес полк» акциясына шақырды. Алайда бұл үндеуде Ұлы Отан соғысы батырларына тағзым етуге, қаза тапқан боздақтарды еске алу, бейбітшіліктің құнын түсінуге бағытталған шараны басқа мүддеге пайдалану көзделген бе?  

Егер инстаграм парақшасындағы жазбаға қарайтын болсақ, постта ұзақ уақыт бойы біздің елімізде шерулер болмағанын айтып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіс шеруіне қатысты пікірін мысалға келтіреді. Бұдан оқырмен бірден жеңіс шеруіне шақырып тұр деп ойлап қалуы мүмкін. Алайда, жазба паркке қатысты акцияға шақырады.

"Ұзақ уақыт бойы біздің елімізде шерулер болған жоқ, Қазақстан Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіс шеруі 2025 жылы тойланатынын жариялады. Құрметті қарағандылықтар, "Мәңгілік алау" мемориалына гүл шоқтарын қойғаннан кейін, Сіздерді "Өлмес полк" акциясына шақырамыз. Мерекелік шеруді цирк алдындағы алаңнан, Каскад алаңына қарай бастауға болады. Келесіз бе?" ‒ деп жазылған парақшада. 


Екіұшты ой тудыратын жазбаға қатысты желі қолданушылары да: "Бұл жерде парад пен паркті қорғаудың қандай қатысы бар?" ‒ деп сұрады. 

Пікір жазғандардың арасында:

"Барамыз. Құрылыс бойынша емес. Барлығын араластырудың қажеті жоқ", "Ұлы мереке мен құрылыспен келіспеушіліктің қандай қатысы бар? "Шыбын мен котлетті бөлек" дейді!" ‒деген пікір білдіріп жатқандар да бар. 


Тұрғындар жеңіс шеруіне келе ме, әлде "Сохраним парк для карагандинцевтің" акциясына баруы керек пе, әлі де түсінбей жатқан сияқты. Бұл ұйымның өз мүдделестерін емес, өзгелерді алдап шақыру емес пе?

Фото: krgpark парақшасынан скрин