16 нау, 2023 сағат 10:17

Солтүстік Корея Жапон теңізіне тағы бір зымыран ұшырды

Фото: ЦТАК / EPA / ТАСС

Солтүстік Корея ұшу биіктігі 6 мың шақырым құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлады РИА Новости.

Жапония қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран Пхеньян аумағынан шығыс бағытта ұшырылған.

"Зымыран шамамен 70 минут ұшып, Хоккайдодағы Осима аралынан 200 шақырым жерге құлады. Ұшу қашықтығы 1000 шақырымды, ең жоғары ұшу биіктігі 6000 шақырымды құрады", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Ведомстводағылар зымыран аспандатылған траекторияда жоғары тік бұрышта ұшырылған болуы мүмкін деп болжады. Бұл оған биіктікті үдетуге және ұшу қашықтығын қысқартуға көмектесті.

Айта кетері, Солтүстік Корея биыл осымен алтыншы рет баллистикалық зымыран ұшырды. Өткен жылы 37 зымыран ұшырған.