Бүгінде жастар жаңа технологияға, жаңа инновацияға едәуір жақын. Оның ішінде экологияға да бей-жай қарамайтын жастар да түрлі жобалар жасап жүр. Соның бірі – Гауһартас Жұрағат.
Студент қыз тамақтың ысырап болып жатқанын күнделікті көргеннен, обал болады деп алған тәрбиеден тың жоба жасап шығарды. 2018 жылы Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген Гауһартас бүгінде Қазақ-Британ Техникалық университетінің 4 курс студенті, мамандығы – химик-инженер.
Осы жылдың қаңтар айында заңға енген өзгерістер бойынша тамақ қалдықтарын қоқыс полигондарына шығаруға тиым салынды: заң бар болғанымен, ол заңның орындалуына ықпалын тигізетін инструмент жоқ. Гауһартастың жобасын сол инструменттердің біреуіне жатқызуға болады. Тамақ қалдықтарын табиғи тыңайтқышта өңдеумен байланысты жобаның идеясы күнделікті тіршіліктен туындаған.
«Тамақ өнімдері елімізде көбінесе дұрыс сақталмайды: ол стандарттардың сақталмауынан, салғырттықтан, технологиялық жаңашылдықтарды еңгізбеуден және тағы басқа комплексті мәселелер жетіп артылады. Жобаның ерекшелігі, рестораторлардың, супермаркеттер мен дүкендердің, фермерлердің қолданысқа жарамай қалған тағамдық қоқыстарын шикі зат ретінде қабылдап тыңайтқышқа айналдыру. Жоба елімізде қалдықсыз әрі саналы тұтыну идеологиясының басталуының көрінісі болса екен дейміз», - дейді Гауһартас.
Студент қыз жобаны іске асыру үшін команда керек болғандықтан, адам іздейді. Осылайша ол өз оқу орнынан, дәл өзі оқитын факультеттен Малика Маратқызы мен Дулет Аубакиров деген өз қатарластарын табады. Малика өте тиянақты, жобаның маркетингтік саласын өз мойнына алды. Ал Даулет өте тез әрекет етеді, оның IT хабары бар және өте тапқыр. Осылайша үш студент бірігіп, үлкен жобаны іске асыруды мақсат етеді.
«Жобаның тиімді тұстары көп: әрине, әр кәсіпкер үшін оның экономикалық тартымды болғаны маңызды. Жоба аса көп қаржыландыруды талап етпейді, және де қазіргі нарықта тамақ қалдықтарын қабылдайтын пункттерге сұраныс бар, қайта өңдеу де зиянсыз, табиғи жолмен іске асады (микроорганизімдер арқылы), әлемдік практикада да ұқсас жобалар өз тиімділігін дәлелдеп келе жатыр.
Пайдасына келсек, дәл осы әдіспен алынған табиғи тыңайтқыш минералды тыңайтқыштан пайдалы, және тиімді. Бұл химиялық тыңайтқыштан келетін экологиялық мәселелердің шешімі бола алады:
-топырақ эрозиясы, оның микроорганизімдік құрамының өзгеруінің алдын алады;
- сонымен қатар химиялық қосылыстардың егін өнімі арқылы адам ағзасына түсуі , оның улануы сияқты рисктердің алдын алады;
- су ресурстарының да тыңайтқыш салдарынан ластану фактілерін азайтпақ», - дейді жоба авторы Гауһартас Жұрағат.
Сонымен қатар бұл жобаның кәсіпкерлерге де көмек болатын потенциалы бар. Мысалы, сіз егінші ретінде, жинаған өніміңізді істен шығарып алсаңыз ол бұрынғыдай қып-қызыл шығын емес – ол келесі жылға керекті тыңайтқыш. Және тағы басқа артықшылықтары жетіп артылады. Бастысы, бұл табиғи баланстың негізіндегі жоба болғандықтан әр салада өз пайдасын көрсете алады.
Міне, дәл осы жоба кеше қазақстандық ақпараттық технологиялар саласының студенттері мен мамандары климаттық мәселелерді азайту мақсатымен ең үздік таза технологиялық шешім табу үшін Алматыдағы EU Ecohackathon байқауына қатысқан 70-ке жуық жобадан оқ бойы озық шығып, 1 орынды иеленді.
48 сағат ішінде хакатон қатысушылары өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын инновациялар, цифрландыру, жоғары технологиялар, жасы технологиялар, жасыл қаржы, таза технологиялар, 4-ші өнеркәсіптік революция, климаттың өзгеруі, жаңа салалар, тұрақты даму салалары бойынша ұсынды.
Экохакатонға барлығы 12 жоба ұсынылды. Қазылар алқасы үздік үш топты таңдады: