
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 13 сағат 03 мин 03 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 15 шақырым.
Талдықорған, Текелі қалаларында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді.
