29 мам, 2025 сағат 16:58

Тараздағы түзету мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысындағы «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж» басшылығы үш жыл бойы іс жүзінде оқуға қатыспаған сотталғандар үшін заңсыз қаржыландыру алып келген, деп хабарлайды Ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, колледжге техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға бөлінген 25,5 млн теңге заңсыз иемденілген.

2025 жылғы 5 ақпанда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізуде.

Қазір тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.