09 сәу, 2025 сағат 10:48

Тас жолда автокөліктен 34 кг гашиш табылды

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында ірі есірткі тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, Жамбыл облысы аумағындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында полиция күдікті автокөлікті тоқтатты. Көлікте екі азамат болған.

Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру кезінде есік жақтауларында және багаж бөлімінде жасырылған есірткі орамдары табылды. Жалпы саны – 35 орам, салмағы – 34 кг. Барлық орамдар гашишпен толтырылған.

“Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,” – деп мәлімдеді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.