Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қоғам қайраткерлері арнайы жиын өткізді. «Еліміздің астанасы - ұлы дала жүрегі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел басына жиналған зиялылар Тәуелсіздік жылдарындағы рухани жаңғыруды талқылады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қазіргі еліміздегі пандемияға байланысты онлайн өткен шараға қатысушылар еліміздің және ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының тарихы және алматылық қоғамдастықтың оның дамуына қосқан үлесі туралы сөз етті.
«Баршаңыз білетіндей, «Қазақстан – тәуелсіздік – жаңа астана» түсінігі біздің мемлекеттілігіміздің, біздің болашағымыздың біртұтас символына айналды. Біздің көпшілігіміз 1994 жылы астананы көшіру туралы мәселені қараған кезде Тұңғыш Президент осы ғимаратта Жоғарғы Кеңес депутаттарын «жаңа астана» арқылы Қазақстан тек жаңа қоғамдық-саяси ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның ірі ғылыми, мәдени және іскерлік орталығына ие болатынына сендіргенін жақсы білеміз. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз өзінің астанасы сияқты жаһандық өзгерістер мен пандемияға қарамастан сенімді түрде алға қарай дамуда», — деді Ержан Бабақұмаров.
«Алматы - Тәуелсіздіктің бесігі» және көптеген тарихи шешімдер осында қабылданды деген Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жоғарғы Кеңестің экс-депутаты Ахан Бижанов Астана күнінінің маңыздылығына тоқталды.
«Иә, менің есімде 6 шілде маңызды күн ретінде қалды, біз, Жоғарғы Кеңестің депутаттары, жазғы сессияның қорытынды отырысына келдік. Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде астананы Ақмолаға геосаясат, экономика және басқа аспектілер тұрғысынан көшіру қажеттілігіне жақсы талдау жасады. Сол кездегі депутаттық корпус бұл шешімді көпшілік дауыспен қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім болғанын уақыт көрсетті. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан – біздің үлкен мақтанышымыз – үлкен ғылыми және мәдени орталық. Ол сәулет және атмосферасы жағынан әлемнің көптеген астаналарынан ерекше. Мен осы оқиғаның куәгері ретінде барлық жұртшылықты Астана күнімен құттықтаймын», — деді А. Бижанов.
Ал Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің пікірінше, Нұр-Сұлтан – мемлекетіміздің жүрегі, экономикалық дамудың тірегі, еліміздің мәдени келбеті.
«Бұрын астана Ақмола, одан кейін Астана, ал бүгінде Нұр-Сұлтан деп аталды. Біз қаланың өскеніне, ғимараттардың көтерілгеніне, көшелердің абаттандырылғанына куәгер болдық. Біздің астанамыз – ерекше сәулет келбетінің жиынтығы, мысалы, Пирамида, Хан Шатыр және басқалары. Жазушылар одағының Нұр-Сұлтандағы филиалы да өзінің ерекшелігіменен танымал, біз бұған өте қуаныштымыз. Елордадағы барлық танымал жазушыларға ескерткіштер орнатылып, аллеялар мен алаңдар ашылуда», — деді Ұ. Есдәулет.
Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполов жаңа астананың қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында елорданың құрылысы – біздің жетістігіміз. Сонымен бірге, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында республикадағы барлық ұлттар мен халықтар біріккен, ол Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының негізін қалағанын атап өтті.
Сонымен бірге, Қазақстанның мемлекет қайраткері Амангелді Шабдарбаев, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР мемлекет қайраткері Ғани Қасымов, Қазақ аграрлық зерттеу университетінің проректоры Зағипа Балиева, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры, Есіл өзенінің жағалауын жасаған Бронислав Шин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері Ахметжан Шардинов, сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан өз ойларымен бөлісті. Бәрі де Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, Астана күнімен құттықтап, рухани жаңғырудың негізгі тетіктерін талқылады.
Шара барысында «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Алшанов, ҚР Президенті Архивінің экс-директоры Б. Жапаров, ҚБТУ ректоры м. а. М. Ғабдуллин сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел соңында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында біздің мемлекетіміз бен астанамыздың қалай құрылғаны және салынғаны туралы айтылатынын атап өтті, жастарды осы кітапты оқуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қоғам қайраткерлері арнайы жиын өткізді. «Еліміздің астанасы - ұлы дала жүрегі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел басына жиналған зиялылар Тәуелсіздік жылдарындағы рухани жаңғыруды талқылады. Қазіргі еліміздегі пандемияға байланысты онлайн өткен шараға қатысушылар еліміздің және ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының тарихы және алматылық қоғамдастықтың оның дамуына қосқан үлесі туралы сөз етті.
