22 ақп, 2023 сағат 11:53

Америкалық тараптан ресми растау күтіп отырмыз - Тілеуберді Блинкеннің сапары жайлы

© Daily Times

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол АҚШ тарапынан растауды күтіп отырғанын атап өтті.

"Біз америкалық тараптан ресми растау күтіп отырмыз. Хабар келсе, бірден жариялаймыз", - деді Тілеуберді Үкімет кулуарында журналист сұрағына орай.

Бұған дейін БАҚ-та Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетіні жайлы ақпарат тарады. Жиынға қатысу үшін Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ұшып келеді деп жоспарланып отыр.