09 қаң, 2023 сағат 18:09

Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.