06 сәу, 2024 сағат 14:13

Тоқаев: Бұл 80 жылдан бергі ең ауқымды су тасқыны


Қазақстан президенті өз сөзінде зардап шеккен өңірлерде әкімдіктер мен мыңдаған ерікті жұмыс істеп жүргенін айтты. Тоқаевтың сөзінше, қазіргі су тасқыны – Қазақстандағы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны.

"Біз қиындықты еңсереміз, бәрін қалпына келтіреміз. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарымызға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Материалдық шығындарды өтейміз", - деді президент. 


Тоқаев Қорғаныс министрлігіне су тасқыны аймақтарына қосымша әскери күш жіберуді, ал үкіметке материалдық резервтерді броннан шығаруды бұйырды.