07 нау, 2023 сағат 15:41

Тоқаев екі полицейді марапаттады

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі полиция қызметкерін марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІI дәрежелі "Айбын" орденімен награтталды:

  • Әріпжанов Арман Талғатұлы – Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті "Тұран" ауданының полиция басқармасының жедел уәкілі;
  • Қоңысов Бекен Кеңесұлы – Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.