27 нау, 2023 сағат 17:08

Тоқаев жаңартылған Парламенттің бірінші сессиясын шақырды

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" - делінген Президент қол қойған құжатта.