05 сәу, 2021 сағат 09:26

Түркістан облысы: жылқы қаққан көліктегі үш адам мерт болды

Түркістан облысында жолға шығып кеткен жылқы үш адам өліміне ұшыратқан апатқа себеп болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің «Tоyota Camry 50» маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмды.

Оның ішінде екеуі ерлі-зайыпты және біреуі жасөспірім, олардың немересі.

Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза тапқан жандардың күйеу баласы. 

Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.