11 нау, 2025 сағат 11:36

Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер сотталды

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Ult.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасилов, оның орынбасары А. Ерназаров, КММ заңгері М. Айнабекова және кәсіпкер И. Муслимов техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.