26 там, 2019 сағат 15:03

Түркістан облысында суды қажет етпейтін қарбыз пісіп жетілді

Түркістан облысы Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр. Қарбыздың ұрығы көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген.

«Аталған егіннің қарбыздың ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану», делінген хабарламада.

Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.