24 ақп, 2023 сағат 09:51

Түркия Қазақстандағы елшісін ауыстырды

Фото: Tengrinews.kz

Түркия әлемнің жеті еліндегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы елшілерін ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми басылымы - Resmi Gazete-де жарияланды.

Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.

Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарған.