08 ақп, 2023 сағат 20:25

Түркияға бір миллион доллар бөлінді – Үкімет қаулы қабылдады

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді. Қазақстан Үкіметі тиісті Қаулыны қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды" - делінген ресми хабарламада.

Өз кезегінде, сыртқы саяси ведомство аталған қаражатты заңнамада белгіленген тәртіппен түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс. 

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.