22 мам, 2024 сағат 11:54

ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді


© Sputnik / Владислав Воднев


ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлер үшін 22 мамыр сағат 10.00 -18.00-ге дейін база ашылады, деп хабарлады жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек. 


Талапкерлер app.testcenter.kz сайтында бос күндерді ғана таңдай алады. Екі рет өтініш бергендер үшін бұл қызмет жұмыс істемейді.


Айта кетері, негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында белгіленген болатын. Алайда кейбір талапкерлер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген.