19 ақп, 2021 сағат 08:55

Үкімет: Қаржы министрлігіне заңсыз саудамен күрес бойынша тапсырма берілді

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов заңсыз сауда айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржы министрлігі алдында басымдықты транзиттік бағыттар бойынша кеден бекеттерін жаңғырту мен автоматтандыру, сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытын 5 есеге қысқарту міндеті тұр», - деді Ә. Смайылов. 

Сонымен қатар ол шекарада заңсыз тауар айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді. 

«Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары бойынша қадамдарды әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуі керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.