Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, ел аумағында қарудың заңсыз айналымына қарсы ауқымды операциялар жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, нәтижесінде 118 түрлі қару
тәркіленген. Олардың қатарында
6 Калашников автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, 15 граната және 859 дана оқ-дәрі
бар.
Қазіргі
уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік
кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК шетелдік арнайы
қызметтердің қатысуымен өткен операциялар туралы хабарлаған еді. Соның
нәтижесінде жыл басынан бері есірткі тасымалының 11 халықаралық және 3 өңірлік
арнасы жойылып, сондай-ақ 5 жасырын зертхананың қызметі тоқтатылған.
