Фото: azh.kz
28 наурыз күні Атырау қаласындағы теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындаған. Кейін такси жүргізушісі жолаушыға пышақ сұққан, деп хабарлайды Ult.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға барысында жүргізуші жолаушыға пышақ салған. Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілді.
"Атырау қаласында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал фактісі бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
