Фото: ҰҚК
ҰҚК Оралда қылмыстық топты ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Комитеттің мәліметінше 10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың жолын кесті.
"8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Бұл адамдардың әрекеті аймақтың коммерциялық қызметіне теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.