Фото: Qarmet
«Qarmet» АҚ Ұлытау облысы әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында Қаражал қаласында әлеуметтік жобаларды қаржыландырады.
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Qarmet» компаниясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласында ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат – халықтың өмір сапасын арттыру мен өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған мемлекет пен бизнестің тиімді серіктестігінің айқын үлгісі.
Меморандум аясында «Qarmet» АҚ Қаражал қаласында 2026–2028 жылдары іске асырылатын бірқатар әлеуметтік жобаларды қаржыландырады. Бұл бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, спорт және қалалық инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.
Басым жобалардың қатарында – «Балбөбек» балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, «Қалалық коммуналдық шаруашылық» үшін коммуналдық техника сатып алу, сондай-ақ бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қолдау бағдарламалары бар. Бұдан бөлек, «Қаражал қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК дәрігерлері мен мамандарына ай сайынғы еңбекақы үстемақысы қарастырылған. Бұл шара білікті медициналық кадрларды тартуға және ұстап қалуға мүмкіндік береді.
Ұлытау облысының әкімдігі дәстүрлі түрде бизнес қауымдастықпен әріптестікті дамытуға жоғары қызығушылық танытып, өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды. Мұндай сындарлы өзара іс-қимыл өңірлердің тұрақты дамуының нақты құралына айналып отыр.
«Qarmet» АҚ – болат өндірудің толық циклі бар, темір кенін өндіруден бастап дайын прокат шығару дейінгі үдерістерді жүзеге асыратын Қазақстандағы ең ірі тау-металлургиялық компания. Компания экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершіліктің заманауи стандарттарын белсенді енгізіп, өңірлерді дамыту ісінде мемлекеттің сенімді серіктесі болып табылады.
