23 мау, 2021 сағат 20:11

Вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған - Есмамғамбетова


ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қанша адам вакцинадан кейін де коронавирус жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған. Мұның өте төмен деңгей - 0,05% екенін атап өткім келеді. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігін 92% деп көрсеткен, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін», - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. 

Спикер «Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazVac» вакциналарын алған науқастар туралы мәліметтерді келтірді. 

«Спутник V» алғашқы дозасынан кейін 979 адам ауырып қалған, «QazVac-тен» кейін – сегіз және «Hayat-Vax» вакцинасынан кейін - 35 адам ауырған.