23 шіл, 2022 сағат 11:29

VIII Армиялық халықаралық ойындары: Қазақстан әскері жеті конкурсқа қатысады



Биыл Қазақстанның әскери қызметшілері сегізінші Армиялық халықаралық ойындарына қатысады. Онда Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері жеті конкурсқа қатысуға дайындалып жатыр. Оның үшеуі Қазақстанда өткізіледі, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Атап өтелік, артиллериядан оқ ату шеберлері, мина ату арасындағы жарыс, «Меридиан» әскери-топографиялық қызметі мамандарының сайысы, тактикалық мерген әскери спорттық атыс жарыстар кешені және танк биатлон мен күрес шеңбері Ресейде, Армения Республикасында - бейбітшілік жауынгері, ал Теңіз кубогы Әзербайжан Республикасында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

«Биыл «Меридиан» сайысы Қазақстан территориясында алғаш рет Армия халықаралық ойындары аясында өткізіліп жатыр. Негізі бұл «Меридиан» сайысы үш кезеңнен тұрады. бірінші кезеңі атыс шебері деп аталады. Бұл кезеңде біздің сайыскерлер Агра-74 командалық атысу практикалық деңгейлерін көрсетеді. Екінші кезеңі «Азимут» деп аталады. Бұл конкурсанттар орман ішінде өздерінің орындарын, азимуттарын табу бойынша және компаспен сайысқа түседі. Үшінші кезең топографиялық оқ ату деп аталады. Бұл сайыста конкурсанттар басқа елдің топографиялық бөлімшелерімен арнайы мақсаттағы геодезиялық жұмыстарды орындай отырып, жолақтардан өтеді де, сайысқа түседі.

Биыл бұл сайыстың былтырғы Ресей территориясында өткізген сайысқа қарағанда ерекшеліктері «Азимут» кезеңінде мысалы біздің сайыскерлер орман ішінде кез келген объектілердің ара қашықтығын дүрбімен өлшеу бойынша сайысқа түседі. Және топографиялық сайыста оның ұзындығы былтырғыға қарағанда 600 метрден 1800 метрге ұлғайтылған. Яғни үш есе ұлғайтылған, үш есе қиындатылған болып есептеледі. Ішіндегі кедергі жолақтары да екі есе көбейтілген. Негізгі айырмашылықтары осындай болып есептеледі. Оның ішінде көптеген тағы да арнайы мақсаттағы жұмыстар қосылған. Пазл деп аталатын тағы бір сайыс бар. Сол топографиялық ойынның ішінде өздерінің жасайтын жұмыстары бойынша пазлды жинау кезінде бөлшектеген топографиялық карталардан әртүрлі объектілердің координаталарын анықтау керек. Уақытқа кім тез жинап үлгеріп және координаталарын анықтап үлгерсе, сол жеңімпаз болып есептеледі. Негізгі айырмашылықтары осындай», – дейді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы, Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары, полковник Шаяхмет Ашыров.

Оның айтуынша, қазақстандық әскерилер осы сайысқа ақпан айынан бастап дайындалып жатыр. Іріктеу жұмысы сол уақыттан бері жүріп жатыр.

«Негізі іріктеуді біз алдымен әскери ішінара өткізіп алған болатынбыз. Бірінші кезеңде әскери бөлімдер арасында, екінші кезеңде әскери өңірлік қолбасшылықтар арасында, одан кейін әскерлердің түрлері бойынша сол қолбасшылықтардың Бас қолбасшыларының арасында өткізген болатын. Ақыр аяғында төртінші қазір ең мықты деген тоғыз жігіт іріктеліп алынды. Қазір олардың дайындықтары өте жоғары жауынгерлік деңгейде. Жауынгерлік рухы өте биік. Сондықтан олардың осындай дайындықтарын көре тұра олардың инструктурлары, дайындығы өте жоғары болып есептеледі. Сол дайындықтарына баға бере келе, негізі біздің жігіттер көк байрағымызды тек қана биіктен көрсетеді деп сенемін.

Егер тәжірибелік шыңдауына келетін болсақ, мұндай сайыстар, өткізіліп жатқан конкурстар, халықаралық армиялық ойындар аясында өткізіліп жатқан олардың тәжірибе алмасуына, біліктілігін шыңдауына өте жоғары әсерін тигізеді. Атап өтетін болсақ, осы «Меридиан» сайысы аясында өткізіліп жатқан жаттығулар, мысалы олардың атыс практикасы өте жоғары, екінші жағынан дене шынықтыруы физикалық деңгейде өте жоғары деңгейде. Сондықтан олардың тәжірибе біліктілігі анағұрлым жоғарылады деп есептеймін. Екіншіден конкурс басталған кезде басқа елдің офицер топографтарымен тәжірибе алмасуы да көп септігін тигізеді деп есептеймін. Өйткені басқа елдердің алдыңғы дәрежедегі барлық жұмыстарды орындаудағы тәжірибелер бізге де көмегін тигізеді. Сондықтан мұндай конкурстар жыл сайын өткізіліп тұратын болса, біздің жігіттер сондай конкурстарға қатысып тұратын болса, олардың тәжірибесін жоғары деңгейге көтеруге оң септігін тигізеді деп есептеймін», – дейді полковник Шаяхмет Ашыров.

Aйта кетейік, Қазақстанды есептемегенде биыл бұл сайысқа өтініш беріп, қатысуға дайын отырған сегіз мемлекет бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда қатысушы мемлекеттердің саны елу пайызға ұлғайып отыр. Атап айтқанда, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Қытай, Ветьнам, Иран, Египет, Армения және Ресей Федерациясынан сайыскерлер келеді деп күтілуде.