Фото: Видеодан алынған кадр
Батыс Қазақстан облысында лицензиясыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаментінің мәліметінше, Орал қаласында «Аванс 07» ЖШС басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға ақша беруді жолға қойған.
Күдікті зергерлік бұйымдарды кепілге алып, бұл қызметті «Уральск Золото» комиссиондық дүкені ретінде бүркемелеген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделіп, ал пайыздық төлемдер бұйымдарды сақтау ақысы ретінде көрсетілген.
Тергеу барысында 2 мыңнан астам қарыз берілгені анықталды. Заңсыз қызметтен түскен табыс 128 млн теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол қаражатына тыйым салынды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
