Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп
жүргізген ауқымды арнайы операция барысында трансұлттық есірткі тарату схемасын
әшкереледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет арқылы
«жалақысы жоғары жұмыс» деген жалған жарнамалар таратқан. Осылайша олар
азаматтарды заңды қызмет ретінде көрсетіп, есірткінің заңсыз айналымына
тартқан.
Күдіктілерге тапсырмалар арнайы колл-орталықтар арқылы беріліп отырған.
Операция нәтижесінде Қазақстанның 11 өңірінде 40 адам ұсталды. Оның ішінде
11 күдікті қамауға алынды.
Сонымен қатар, 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Тінту кезінде синтетикалық есірткілер, компьютерлік техника, банк карталары,
смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
