Фото: Жібек Нұрахмет/altainews.kz
Бүгін – Ұлттық киім күні. Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні – дәстүрді
дәріптеумен қатар, оны қазіргі өмірмен сабақтастыратын маңызды бастама. Бұл күн
ұлттық бірегейлікті сақтаудың жаңа тетігіне айналып келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақ үшін киім – жай ғана тұрмыстық зат емес, ол ұлттың болмысын танытатын
рухани код. Әрбір ою, түс пен пішін халықтың дүниетанымын, тарихы мен
мәдениетін бейнелейді. Сондықтан ұлттық киім – «тілсіз тарих», өткеннің айнасы.
Көшпелі өмір салтына бейімделген қазақ киімдері кеңдігімен, ыңғайлылығымен
ерекшеленеді. Ал оның көркемдік сипаты табиғатпен үйлесім мен еркіндікті
аңғартады.
Бүгінде жаһандану жағдайында ұлттық киімнің мәні арта түсті. Ол – төл
мәдениетті сақтаудың, тамырдан ажырамаудың символы. Ұлттық киім күні осы
құндылықтарды қайта жаңғыртып, жаңа буынға насихаттауға жол ашады.
Айта кетейік, кеше Шаңырақ күні болған.
