24 мау, 2022 сағат 17:46

"Жабылып ұрған". Қостанайда ағайынды жасөспірім соққыға жығылған

Фото: Зардап шеккен балалардың анасы ұсынған

Қостанайдың орталық алаңында ағайынды екі жасөспірім соққыға жығылды, үлкені облыстық балалар ауруханасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Қостанайдың орталық алаңында, ойын-сауық саябағына жақын маңда болған. Онда 13 және 15 жастағы екі ағайынды бала достарымен кездесуі керек болған. Зардап шеккен балалардың анасының айтуынша, олардың алдынан төрт ересек бала шыққан.

"Бірі иығымен әдейі қағып өткен, кейін жанжал шыққан. Олар аллеяның артына шығып, сонда төбелес басталған. Балаларды ұрып-соғып жатқанда, өтіп бара жатқандардың ешқайсы араша түспеген. Бір әйел оларды ажыратқан. Оны екеу жабылып ұрған, жастары 18-19-да, бұлар не істей алсын. Кішкентайы көмек шақырған. Бәрі қашып кеткесін, екеуі полиция пунктіне барған, бірақ ол жабық жатқан", - дейді зардап шеккен ұлдардың анасы Татьяна Шелудякова.

Миы шайқалған 15 жастағы жасөспірім ауруханаға түскен.

"Үлкенінің денесі бірнеше жерінен көгерген, сырылған және миы шайқалған. Екеуі кішісін ұстап тұрған, бірақ ол да таяқ жеген", - дейді жасөспірімдердің анасы.

Полицейлер мәліметінше, қаланың орталық саябағында орналасқан стационарлық пункітте қызметкерлер тұрақты отырмайды, қала орталығын патрульдейді. Жасөспірімдерді ұрып-соққан күдіктілерді іздестіру шаралары арыздың бірнеше сағаттан кейін жазылуына байланысты созылып кеткен.

"Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктілерді іздестіру жұмыстары, барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы Полиция департаменті өкілдері.