09 мау, 2025 сағат 16:11

Жалған ақша жасаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды


© Sputnik / Алексей Вовк 


Жалған ақша жасаған қазақстандық азаматты бас прокуратура мен қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен экстрадициялады.


Күдікті жалған банкноттарды сақтағаны әрі мемлекет шекарасы арқылы өткізгені үшін айыпталып отыр.


"Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізді деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды", - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.