05 нау, 2022 сағат 16:18

Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған.

"Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады", - делінген хабарламада.

ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.