Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысының Байзақ ауданында алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданы прокуратурасы 7 жыл бойы алимент төлемеген «Н» азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Азамат 2018 жылдан бері алимент төлемеген және оның берешегі 12,6 миллион теңгеге жеткен. Алимент төлеуге толық мүмкіндігі бола тұра, ол өз міндеттерін орындамаған.
2025 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты борышкерді кінәлі деп тауып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Үкім әлі заңды күшіне енбеді.
