Фото: Ашық дереккөз
Жамбыл облысында туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бар істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 25 сәуірінде сотталушы Қордай ауылындағы өз үйінде алкогольдік масаң күйінде 2019 жылы туған қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Сотталушының кінәсі айғақтармен, сарапшылардың қорытындыларымен, басқа да заттай дәлелдемелермен және істің құжаттарымен дәлелденді.
"Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. ️Ал сотталушы кінәсін толық мойындады", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
