29 мам, 2025 сағат 10:48

Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді

Фото: ашық дереккөз

Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады.

Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.