23 қар, 2017 сағат 09:10

Жаңғыру жасампаздыққа ұлассын десек...

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, елiмiзде кәсiпкерлердiң қайырымдылық iс-шаралар өткiзуi, оның iшiнде өздерiнiң туған ауылы үшiн пайдалы iстерге атсалысуы жанданып келедi. Осынау игi iстердiң жүзеге асуын үйлестiрiп отырған «Атамекен» кiшi бағдарламасы бойынша да бiрқатар жұмыстар жүргiзiлдi. «Атамекен» кiшi бағдарламасы «Әлеуметтiк бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық жобалары арқылы жүзеге асырылады. Бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында 10 жоба жарғысы мен 12 iс-шара паспорты жасақталып, iске асырылуда.

Ендi әр жоба мен iс-шараға жеке-жеке тоқталсақ:

«Демеушiлер тарапынан әлеуметтiк қолдау» жобасының мақсаты – облыс аумағындағы өзектi мәселелердi шешу үшiн азаматтардың демеушiлiгiмен әлеуметтiк жобаларды iске асыру. Облыстың қала, аудандарында жалпы құны 30,3 млрд. теңгенi құрайтын 529 жоба бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Бүгiнгi таңда құны 785 млн. теңгенi құрайтын 96 жоба аяқталып, халық игiлiгiне берiлiп отыр.

Республикалық интерактивтi платформаға облысымыздың 20 әлеуметтiк жобасы енгiзiлген. Олардың қатарында Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылындағы стадион құрылысы, Шарапхана ауылындағы «Жастар саябағы», Отырар ауданы, Бестораңғыл ауылындағы «Алаш» этноауылы, Шымкент қаласындағы 110 орынды арнаулы коррекциялық бөбекжай-балабақшасы, Арыс қаласындағы аквапарк құрылысы және тағы басқалары ендi.

Платформа туралы ақпаратты Ruh.kz интернет-порталынан алуға болады. Платформада «Туған жер» жобасын таңдап «Әлеуметтiк жобалар» картасынан 7-шi аймақ, яғни, Оңтүстiк Қазақстан облысын таңдау қажет. Картадағы жобалар 3 түспен белгiленген: жасыл – аяқталған жоба, сары – iске асырылып жатқан жоба, қызыл – басталмаған жоба. Алдағы уақытта (2018 жылдан бастап) аталған интерактивтi платформаға азаматтық бастамаларды қосу қолға алынады, яғни, әрбiр қазақстандық өз идеясын ұсынып, туған өлкесiн, кiшi Отанын дамытуға үлес қосуына ой-пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкiндiк жасалады. Ол үшiн порталда авторизациядан өту қажет.

«Сенiмдi болашақ» жобасының мақсаты – тұрғындарды зиянды әдеттерге әуестiктен арылту, тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүйелендiру, үйiрме жұмыстарын жандандыру, қоғамдық негiзде жастар клубтары мен студенттер жасақтарын құру арқылы жастардың бос уақытын тиiмдi пайдалану мүмкiндiктерiн ұлғайту, қайырымдылық жасау арқылы мұқтаж адамдарға қол ұшын созу, халықтың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын көтеру.

Жобаны iске асыру үшiн облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарманың ұйымдастыруымен «Аймақтарды көгалдандыру және абаттандыру», «Бiз зиянды әдеттерден аулақпыз!» секiлдi акциялар өткiзiлдi.

«Ерiктiлер корпусы» жобасының мақсаты – жастарды қоғамға пайдалы еңбекке ынталандыру, олардың дүниетанымын кеңейту, жастарды әр өңiрдiң тыныс-тiршiлiгiн, салт-дәстүрiн зерттеуге тарту, оларды киелi жерлермен таныстыру, сондай-ақ, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету.

Қазiргi таңда аудан, қалалардағы ерiктiлер корпусы 850 жасты қамтиды. Олар қоғамға пайдалы iстер жасауға жұмылдырылып, бағдарламаны насихаттау, мұқтаж адамдарға жәрдем беру мақсатында түрлi iс-шаралар, акциялар өткiзуде.

«Табысқа апарар жол» жобасының мақсаты – өңiрдiң экономикалық даму деңгейiн арттыру, табысты азаматтардың еңбектерiн насихаттау, жастарды жауапкершiлiкке үйрету және белсендi жұмыс iстеуге бағыттау, бизнесмендерде меценаттық дағдыларды қалыптастыру және дамыту. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейiн өңiрлерде 50-ден аса табысты азаматпен (кәсiпкерлермен, бизнесмендермен, шаруа-фермерлермен) кездесулер мен шеберлiк-сыныптары өткiзiлдi. Желтоқсанның алғашқы онкүндiгiнде осы жобаға белсене атсалысқан азаматтарды әрбiр аудан, қалада марапаттау рәсiмi жоспарланған.

«Аялы алақан» жобасының мақсаты – жетiм, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкiндiгi шектеулi балалардың мұқтаждықтарын түрлi көпшiлiк iс-шаралар арқылы қамтамасыз ету.

«Балалар – бiздiң болашағымыз!» акциясының нәтижесiнде мүмкiндiгi шектеулi 100-ден аса бала қажеттi бұйымдармен қамтамасыз етiлдi. Жоба шеңберiндегi iс-шаралар барлық қала, аудандарда жүргiзiлiп, елiмiздiң болашағы саналатын жастардың әлеуметтiк жағдайын түзетуге бағытталған iстер қолға алынған. Әсiресе, қазан айындағы қарттар күнi, мүгедектер күнi қарсаңында iс-шаралар көптеп ұйымдастырылып, демеушiлер есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсетiлдi. Қазiргi таңда облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңiрлерде қайырымдылық концерттерi өткiзiлуде.

«Бiлiмге бастар жол» жобасының мақсаты – жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлерiнiң түлектерiне, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жоғары оқу орындары мен колледждерде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегiн бiлiм алуларына мүмкiндiк беру. Ол үшiн осындай студенттердiң оқу ақысын төлеуге жәрдем беру үшiн бизнес-құрылым өкiлдерi мен жеке тұлғаларды тарту.

Биыл тамыз айында «Бiлiмге бастар жол» жобасын iске асыру нәтижесiнде Ордабасы, Сарыағаш, Төлеби аудандарының 20 азаматы жоғары оқу орындары мен колледждерде тегiн бiлiм алуға мүмкiндiк алды.

«Кәсiпкерлiк мектебi» жобасының шеңберiнде «Жас кәсiпкерлер» байқауы өткiзiлуде. Оның мақсаты – тұрғындардың өз өңiрлерiне деген сүйiспеншiлiктерiн арттыру, өңiрдiң дамуына үлес қосуға ынталандыру, кәсiпкерлiкпен айналысатын жастардың үлесiн ұлғайту, өңiрдi дамытуға арналған жобаларды iске асыру, ұсынылған жобалар негiзiнде елдi мекендерде жұмыссыздық деңгейiн төмендету, үздiк жас кәсiпкерлердi мадақтау, марапаттау, жетiстiктерiн дәрiптеу. Отандық өндiрiстi дамыту, кәсiпкерлiкпен айналысатын жастардың үлесiн ұлғайтып, өңiрдiң дамуына үлес қосуға ынталандыру мақсатында өткiзiлетiн бұл байқау ағымдағы жылы қараша-желтоқсан айларына жоспарланған. Бiрiншi, яғни, аудан, қалалық кезеңi 20-30 қараша аралығында әрбiр аймақта өткiзiлiп, жеңiмпаздар облыстық кезеңде желтоқсан айында бақ сынайтын болады. Әрбiр номинация бойынша жеңiмпаздар кәсiпкерлер тарапынан бiлiм беру гранттарына қол жеткiзе алады.

«Туған жердi түлету – перзенттiк парыз» жыл сайынғы өңiр тумаларының слетi» iс-шарасының мақсаты – туған өлкеге деген сүйiспеншiлiктi арттыру, Оңтүстiк өңiрi тумаларының басқосуын ұйымдастыру. Бұл басқосуда пiкiр алмасу, өңiрде шешiмiн таппай жүрген өзектi мәселелердi талқылау, сол арқылы елдi мекендердi дамытуды қолға алу көзделген.

Осы өңiрден түлеп ұшқан азаматтар мен жергiлiктi тұрғындардың өңiрдi өркендету жолындағы iске асырылған жобаларды таныстыру мен насихаттау, Оңтүстiк өңiрi тумаларының басқосуын ұйымдастыру, пiкiр алмасу мақсатында «Туған жердi түлету – перзенттiк парыз!» II өңiр тумаларының слетi» iс-шарасын ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыстық деңгейде өткiзу жоспарланып отыр, тиiстi басқармаларға жобалық тапсырма берiлген.

«Оңтүстiк – құт мекенi!» жыл сайынғы форумы» iс-шарасының мақсаты – халық пен бизнес-құрылымдарды қайырымдылық жасауға ынталандыру, туған өлкеге деген сүйiспеншiлiктi арттыру, жастарды туған өңiрдiң дамуына үлес қосуға шақыру, еңбегi ерекшеленген меценаттар мен демеушiлердi, белсендi ерiктiлердi марапаттау, БАҚ құралдары мен әлеуметтiк желiлер арқылы атқарылған жұмыстар бойынша халықты ақпараттандыру. Аталған форумды әрбiр аудан, қалада өткiзу желтоқсан айының алғашқы жартысына жоспарланған.

«Алтын ұя» жобасының мақсаты – туған өлкеге сүйiспеншiлiктi арттыру, азаматтарды қайырымдылық жасауға ынталандыру, өңiрдегi оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын жаңғырту. Бұл жоба «Демеушiлер тарапынан әлеуметтiк қолдау» жобасымен қатар жүргiзiледi. Яғни, бала-бақшаларға, мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына сол мекемелердiң түлектерi демеушiлiк танытып, материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша бiршама жұмыстар атқарады.

Жоғарыда аталған жұмыстар 2022 жылға дейiн жалғасын табады. Сондықтан Елбасының саясатын iске асыру жолында әлi де атқарылар iстер көп. Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi, осынау игi шараларға әрбiр адам, тiптi тұтас қоғам болып атсалысуымыз қажет. Сонда ғана қолға алған iсiмiз өз нәтижесiн берiп, жаңғыру жасампаздыққа айналады.

Айгүл РҮСТЕМОВА,

«Атамекен» кiшi бағдарламасының менеджерi.

"Оңтүстік Қазақстан"