05 жел, 2025 сағат 16:53

Қазақстанда аяз күшейеді: температура –15 °C-қа дейін төмендейді

Фото: Pexels.com

Еліміздің көп өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз күйінде қалып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе солтүстік, шығыс және орталық облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Ult.kz.

Аталған аумақтарда көктайғақ, тұман және жылдам желмен бірге жүретін жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсер етуі ықтимал.

Алдағы күндері Жаңа жер аралдары аймағынан жылжитын арктикалық антициклон Қазақстанның батыс өңіріне жетіп, кейін басқа облыстарға таралады. Оның әсерінен ел бойынша ауа температурасы күрт төмендейді.

8 желтоқсанға арналған болжам:

  • Солтүстік-батыс өңірлерде: –5…–13 °C,

  • Солтүстік облыстарда: –10…–15 °C, әрі қарай да төмендеуі мүмкін.

Мамандар қазақстандықтарға жолда сақ болып, жылы киініп, ауа райындағы өзгерістерді бақылап отыруды ескертеді.