03 қаз, 2022 сағат 17:17

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды


Жаслан Мәдиев Binance Kazakhstan компаниясына басшы болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, бұған дейін Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет еткен.