02 нау, 2023 сағат 14:55

Жол ережесін өрескел бұзған алматылыққа жарты миллион теңге айыппұл салынды

Фото: Polisia.kz

Алматыда көлікті қауіпті жүргізген 22 жастағы жігітке жарты миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

"Біздің бөлімшенің іздестіру бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Оның әрекетінде 29 құқықбұзушылықтың белгілері байқалды: ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі – маневр жасау ережелерін бұзу бойынша 27 хаттама, тағы 2 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі – апаттық жағдайды туындату бойынша толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 534 мың 750 теңгені құрады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.