Фото: видеодан скриншот
Ақтөбе қаласында полицейлер электроника дүкенінен смартфон ұрлады деген күдікпен екі қызды ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға 28 желтоқсан күні болған. 19 және 20 жастағы күдіктілердің бірі қаладағы электроника сататын бутиктердің бірінің ашық сөресінен бірнеше iPhone ұрлап кеткен.
Араға үш күн салып, олар дәл сол дүкенге қайта келіп, тағы бір смартфонды заңсыз иемденген. Күдіктілерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолға түсірді.
Тергеу барысында қыздар кінәларын мойындап, ұрланған телефондарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағандарын айтқан.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
