Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлеуметтік желідегі парақшасында сабаншының (манул) видеосын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Бұл видео - жабайы табиғатта ең сирек кездесетін әрі әсерлі сәттердің бірі. Сабаншы - мысық тұқымдасына жатады, сақ, көзге түсе бермейді. Мұндай кадр парк экожүйесінің тұрақты екенін дәлелдейді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда сабаншы қатаң қорғалады, Қызыл кітапқа енген.
