Фото: egemen.kz
Алматы – Бангкок бағытындағы әуе рейсінде шетелдік азаматтар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алматыдан Таиландқа ұшар алдында төрт шетелдік азамат ұшақ ішінде жанжал шығарған. Олардың екеуі мас күйде болған, соның салдарынан сөзге келіп, төбелеске ұласқан.
Оқиға видеоға түсіп қалған, рейс бір сағатқа кешіктіріліп, жанжалға қатысқандар борттан түсірілді.
Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Екі құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады полиция.
