Фото: видеодан скриншот
“Киік — 2025” ЖПІШ аясында Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз сақталған киік мүйіздерін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы азаматтан 322 киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін ол дала аумағында киік мүйіздерін жинап, кейіннен сату мақсатында үйінің шатырында сақтаған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы және заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.
