Фото: ашық дереккөз
Қазақстан биыл Financial Action Task Force ұйымының тексерісінен сәтті өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар еліміз 2023 жылдан бері «Эгмонт» тобының қаржылық барлау бірлестігінде Еуразия аймағының мүддесін қорғайды. 20 ірі криптобиржамен сындарлы серіктестік орнатылды. Елімізде блокчейн-талдаумен айналысатын «Криптон» арнайы құрылымдық бөлімшесі ашылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жөткізген жиында айтты.
«Былтыр қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын 200-ге жуық жалған компания әшкереленді. Олардың заңсыз айналымдағы қаражаты 500 миллиард теңгеден асады. Сексеннен астам қылмыстық топ құрықталды. 100-ден астам қаржы пирамидасы жойылды», – деді Президент.
