16 қаң, 2026 сағат 12:12

Павлодар облысында жер үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Фото: 24.kz видеосынан скриншот
15 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауылында таңертең жеке тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz.

Құтқарушылар үш баланы сыртқа шығарып, оларды дәрігерге тапсырған. Алайда екі кәмелетке толмаған бала ауруханада көз жұмды.

Таңғы сағат 08:36-да өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткен кезде жиһаз, тұрмысқа қажет заттар мен шатыр толықтай жанып кеткен. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді шарпыған. 

Өрт шыққан кезде ата-анасың қайда болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.