Фото: Gov.kz
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ, қатты жел, боран) жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Атап айтқанда, Жаңа Қордай асуы аумағындағы автожолдың 159–238 шақырым аралығы барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды.
“Полиция жол қозғалысының және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден алыс жолға шықпауды, жолда арақашықтықты сақтауды және жылдамдықты асырмауды сұрайды”, - делінген хабарламада.
