16 қаң, 2026 сағат 12:54

Жалған ақпарат: Шымкенттегі мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін


Шымкенттегі мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат мессенджерлерде тарап жатыр. Хабарламада қару-жарақ суреттері жарияланып, нақты мектептердің тізімі көрсетілген. Бұл жағдай ата-аналар арасында алаңдаушылық тудырды.


Полиция аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген.


Құқық қорғау органдары қылмыс жасауға дайындық туралы жалған ақпарат таратқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.